20
ноябрь
2023
АӘД жетекшісінің 2022 – 2023 жылына арналған қорытынды есебі
2022-2023 оқу жылында жылдың қорытындысы бойынша ұлдар ұйымының жұмыс жоспары бекітіліп мектеп директорының мөрімен басылып бекітілді. АӘТД пәні бойынша жыл бойына өткізілетін тақырыптармен және іс шаралармен таныстырылды.Мектеп оқушыларын,мектеп медбикесімен бірігіп жолда жүру қауіпсіздік ережелерінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «9-11» сынып оқушылар арасында әскери спорттық ойындар өткізілді.Мектеп ұлдарымен тәртіптері жайында,әлімжеттік,бір-біріне күш көрсетпеулері жайында жиналыстар өткізіліп тұрды.Мектеп оқушылары ішінен жастары келген оқушыларды ҚР ҚК-нің қатарына шақырылуына байланысты нарынқол ауданына дәрігерлер қарауына апарып келдім.Оқушылар арасында әскери спорттық ойындар өткізіліп тұрды, «10 а»және «10 б» сынып оқушыларын Нарынқол «Шекара Заставасына» шекара әскерлерінің тыныс тіршіліктерімен таныстырып,түрлі қару-жарақтарымен таныстыру мақсатында,саяхат сабағына апарып кеплдім.Райымбек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінен келіп мектеп оқушыларымен өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсаты жайында видеоролик сабақтар өткізіп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «9а» және «9б» сынып оқушыларын Нарынқол Шекара заставасының тыныс-тіршілігіың тыныс-тіршілігімен таныстырып қайттым.Мамыр айында Қайнар орта мектебінде ҚР Қорғаныс күніне орай «Дабыл» ойнатылып жаттығулар өткізілді.Мереке күндері мектеп әкімшілігінен кезекшілер тағайындалып,түнгі РЭЙД ұйымдастырылып,жұмыстар атқарылып тұрды.Оқушыларға әскери орындарына қызығушылығын арттыру мақсатында үнемібағдар берілді.