Қайнар (Қамқоршылық кеңесі 04,06,2019 » «Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72779) 2-57-71
Есепші бөлімі:
+7(72779) 2-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июнь
2019

Қайнар (Қамқоршылық кеңесі 04,06,2019

«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары жайлы «Қамқоршылық» кеңесіне берген есебі. (сәуір)
2018-2019 оқу жылын 21 сынып комплектісі 418 оқушымен бастады. Жыл соңын 413 оқушымен аяқтадық. Жыл қорытындысы бойынша 96 оқушы оқу озаты, 176 оқушы екпінді болды. Сапа – 64,1,
1-4 сынып бойынша сапа: 73,3 пайыз
5-9 сынып бойынша сапа- 54 пайыз
10-11 сынып бойынша сапа- 64 пайыз болды.
І-ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының мониторингісі

Өз білімдерін жетілдіру мақсатында жыл басынан 12 мұғалім қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді курстардан өтті. «Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып, іс жүзіне асты. 2018-2019 оқу жылына арналған «Жаңашыл көзқарасы қалыптасқан, жаңа пед технологияны меңгерген, өзіндік бағыты, ой –пікірі бар, мақсат қоя білетін жеке тұлға ретінде қалыптасқан мұғалімдерді қалыптастыру» атты әдістемелік проблемалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, жылдық жұмыс жоспары жасалынды. Әр бірлестік жетекшісі № 149 бұйрық бойынша бекітілді. Бірлестік отырыстары өз уақытында өтілді. Бірлестік отырысында жылдық жұмыс жоспары талданып, онкүндіктер, бірлестік арасында семинарлар жоспарланды. Желтоқсан айында Айқанат олимпиадасына қатысып, оқушыларымыз I турдан өткені жайлы сертификаттармен марапатталды. «Қосымша білім беру педагогы-2018 байқауына география пәнінің мұғалімі Мукалдиев Бақберген, АӘД пәнінің мұғалімі Әлдибеков Бақытнұр, физика пәнінің мұғалімі Өтегенова Гаухар, музыка пәнінің мұғалімі Қожанова Эльмира ауданға барып қатыстып бас жүлде алып, Республикадан барлық мұғалімдеріміз алғыс хатпен марапатталды. Іле ауданына Педогогикалық оқуға бастауыш сынып мұғалімі Молдабаева Құралай қатысып, сертификат және Тарих пәнінің мұғалімі Әбілғазиева Жанат номинация бойынша орын алды. 15 қараша күні болған аудандық өребәйгеге қатысып, оқушыларымыздың көпшілігі жүлделі орындармен қайтты. Желтоқсан айында «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен «XII Дала сазы» атты байқауына оқушылар мен мектеп алды балаларын ұйымдастырып , 5-сынып оқушысы Рахап Бота эстрадалық вокал ән орындап , 1 дәрежелі дипломант ,7-сынып оқушысы Жарден Бақытнұр 1 дәрежелі дипломант, 11 сынып оқушысы Сарсек Аяжан көркем сөз оқып 2-дәрежелі дипломантпен марапатталды. Жас мұғалімдер арасында «Жас маман-2019» байқауы өткізілді. Жарқын болашақ Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өтетін «Жарық жұлдыз» атты байқауға 2 сынып оқушымыз Мәдәміл Елжан қолөнер жанры бойынша 2-орын, Шорман Нұрсезім көркем сөз оқудан 2-орын, Жайнар Әлинұр көркем сөз оқудан 2-орын, Рахап Бота эстрадалық вокаль жанры бойынша бас жүлде, Шаймерден Қайсар бас жүлде алып Республикаға жолдама алды. Осы оқушылардың білімдерін шыңдап жүрген мұғалімдеріміз алғыс хатпен марапатталды. «Жыл пән мұғалімі-2019» байқауына 12 мұғалімдеріміз қатысып , жүлделі орындармен қайтты.

Тәрбие саласы бойынша:
Қайнар орта мектебінде 2015-2020 жылдарға арналған тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру барысында жасалған іс-шара жоспарын басшылыққа ала отырып , «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында мемлекеттік саясат , қоғамдық талаптар , отбасылық тәрбие құндылықтары және тұлғаның жеке мүдделері мен мақсаттарының теңгерімі негізінде , сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кіріктірілуі арқылы тәрбиенің әдіснамасын , мазмұнын жаңартуға , білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға бағдарланған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылатындығын ескере отырып, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының миссиясы мен құндылықтары оқу- тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылып отырды.
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын басшылыққа ала отырып, мектеп оқушыларын отаншылдыққа , елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді.1-11-сыныптар арасында «Мен- өз Отанымның патриотымын »тақырыбында алғашқы сабақтарын бастап, қабырға газеттері шығарылып, саяси мәні бар безендірулер жасалды. Жыл бойы осы жолдауға байланысты жұмыстар жүргізілді.
«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 26. 08. 2018 жылғы «Ақпараттық технологияларды / ұялы телефон / пайдалану және оның кері әсері туралы» №773 – хатының негізінде жіберілген бұйрық бойынша тиісті шара жасалып, ата-аналарға , оқушыларға , мұғалімдерге таныстырылды , түсіндіру жұмыстары жүргізілді.2019 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан «Қамқорлық» дәстүрлі акциясы өтті. «Қамқорлық » дәстүрлі акциясының өткізілуі іс-шара жоспарына сай болды. Материалдық көмекті қажет ететін оқушыларды анықтап, «Қайырымдылық жасау- игі іс » атты акция болып, аз қамтылған, жартылай жетім, үйден оқитын «Д» есептегі балаларға мектеп қорынан , ауыл кәсіпкерлерінен 104 000 мың көлемінде заттай көмектер берілді.2019 жылы сәуір айында«Жартас Қазақстан» Қоғамдық корының президенті Қайғатырова Роза Ерланқызының ұйымдастыруымен 1 033 445 теңгенің көлемінде балаларға арналған ойын алаңын жасап, шағын орталық балаларының ризашылығына бөленді. Мектебімізде 2019 жылы мамыр айында «КазИнтерСервис-регион» компаниясының тарапынан құны 9 480 990 тг тұратын «AITI» кабинеті ашылды. Мамыр айында ауылдағы демеуші азаматтардың көмегімен көп балалы , аз қамтылған балаларға /6 оқушыға/ түрлі республикалық жарыстарға қатысқаны үшін бір жолғы сыйақы берілді. Сәуір айында аудан әкімінің бастамасымен мектепте «Коворкинт» кабинеті ашылды. Кабинеттің жабдықталуына «Ұлағатты ұрпақ» қорынан әдеби кітаптар келсе, мектеп түлектерінен құны 150 000 тг тұратын диван кресло әперді. Кәсіпкер,мектеп түлегі Ж.Жақыпақынова кабинетке екі кілем сыйлап,ұстаздардың алғысын алды. Мектепке бұдан отыз жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер рәміздер тұратын стендіні / құны-160 000 тг/ сыйға тартты.Мектептің кіре беріс залына демеушілердің көмегімен вахтершылар отыратын бөлме жасалып, бақылау камерасы орнатылды. Жыл ішінде 4 рет ата-аналар жиналысы болып, мектептегі жетістіктер мен кемшіліктер, алға қойған мақсаттар туралы есеп берілді.Оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылар мен мұғалімдер мақтау қағаздарымен, заттай сыйлықтармен марапатталды. Мектепте жыл бойы атқарылған жұмыстың есебі №5 педагогикалық кеңесте қаралып, алдағы оқу жылына міндеттер қабылданды.

Мектеп директоры: Р.Утапова



Похожие публикации:

04 июнь 2019 Хаттама
06 январь 2018 Қамқоршылық
03 май 2017 құжаттар
27 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив