құжаттар » «Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72779) 2-57-71
Есепші бөлімі:
+7(72779) 2-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2017

құжаттар

«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2016-2017 оқу жылындағы алған өзекті мәселелері:

1.Мектеп : «Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру арқылы әлемдік деңгейге ұмтылатын, бәсекеге қабілетті, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру».

2.Әдістемелік кеңес : Жаңашыл көзқарасы қалыптасқан, жаңашылдық инновациялық технологияларды меңгерген, өзіндік бағыты, ой-пікірі бар, мақсат қоя білетін жеке тұлға ретінде мұғалімдерді қалыптастыру.

3.Тәрбие ісі : Үздіксіз тәрбие - білім беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасы азаматтары мен патриоттары ретінде қалыптасуына интеллектуальды әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
БЕКІТЕМІН : КЕЛІСІЛДІ :
Мектеп директоры : Кәсіподақ комитетінің төрайымы :
.....................................Е.Серғазиев .............................Р.Қожабекова
......... тамыз 2016 жыл ............ тамыз 2016 жыл




«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбек тәртібінің
ЕРЕЖЕСІ

Осы ЕРЕЖЕ мектептің ішкі тәртібін, жұмыс уақытының режимі және оның пайдалануы, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерінің негізгі міндеттері, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және босату, жұмыстағы жетістіктері үшін марапаттау және еңбек тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілігі жөніндегі шараларды анықтайды.

І. ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ

1.Қызметкерді жұмысқа қабылдау оның білімі мен біліктілік талаптарына және жұмыс өтіліне сәйкес директордың оқу-тәрбие және шаруашылық істері жөніндегі орынбасарларының жеке әңгімелесуінен кейінгі ұсыныстарының негізінде еңбек шартының жасалуымен жүзеге асырылады.
2.Әкімшіліктің қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде талап ететін құжаттарының тізбесі :
- Белгілерген заң тәртібімен рәсімделген еңбек кітапшасының түп нұсқасы ;
- Жеке басын куәландыратын құжаты ;
- Білімін , мамандығы мен біліктілігін нақтылайтын құжаттар немесе диплом ;
- Алдын-ала медициналық байқаудан өткені туралы анықтама;
- Әскери есеп құжаты ;
- Жинақтаушы зейнетақы қорының шарты, марапаттары мен арнайы курстан өткені туралы құжаттардың көшірмелері ;
3.Мектеп әкімшілігі қызметкердің іскерлік және кәсіби біліктілігін жан-жақты зерделеу мақсатында өмірбаянымен бұрынғы атқарған жұмыстары туралы мінездеме жазуын ұсынады және компьютер мен басқа да ұйымдастыру техникаларымен жұмыс істей алу біліктілігін тексереді.
Қызметкер кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын толтырып, толық өмірбаянын жазады.
Қызметкерге біліктілігіне сәйкестігін тексеру мақсатында тәртіп бойынша 3 айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
Қызметкер жұмысқа мекеме басшысының бұйрығымен қабылданады және қызметкер қабылданғаны жөнінде бұйрықпен танысып қол қояды.







Қызметкердің нақты жұмысқа кіріскен күні келісім шартта көрсетіледі.
4.Мектеп әкімшілігі жұмысқа қабылданатын және басқа жұмысқа ауыстыралатын қызметкерді :
-атқаратын жұмысының түрі және мазмұнымен , еңбекақысы және құқықтары мен лауазымдық міндеттерімен ;
-мекеменің ішкі тәртібі ережесімен және жұмыс кестесімен ;
-техника, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөнінде нұсқау береді, мекеменің мәліметтерін жарияламау және басқа біреуге бермеу жөнінде ескертеді.
5.Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен өзгертіледі, толықтырылады және бұзылады, ол мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
6.Жұмыстан босатылған қызметкерге өзінің атқарған қызметі жөніндегі құжаттарды, жинақ папкалары мен қызмет бабына берілген мүліктер мен құрал-жабдықтарды акті бойынша өткізгеннен кейін жұмысы туралы қолданыстағы заңға сәйкес мәліметтер жазылған еңбек кітапшасы арнайы есепке алу журналы арқылы қолына беріледі.

ІІ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Қызметкердің :
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға :
- мекеме әкімшілігінен еңбек шартының, ішкі еңбек тәртібінің шарттарын орындауды талап етуге ;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ;
-еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және нақты ақпарат алуға ;
-тынығуға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға ;
-ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге және оның мәтінімен танысуға ;
-кәсіптік және қайта даярлықтан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға ;
-кепілдіктерге, өтемақы төлемдеріне және атқарған еңбегі үшін ақы алуға ;
-еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарына сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
2. Қызметкер :
- мекеменің ішкі еңбек тәртібін қатаң сақтауға, өзінің лауазымды міндеттерін тиісінше орындауға ;
- мектеп әкімшілігі мен өзінің тікелей бастығы тапсырған жұмыстарды сапалы және өз уақытында орындауға және нәтижесі туралы баяндауға ;
- жұмыс күнін үнемді және пайдалы еңбекке жұмсауға ;
- өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін жетілдіруге, озық тәжірибесін басқаларға үйретуге ;
-жұмыс және басқа қызмет орындарында санитарлық тазалық пен тәртіпті сақтауға, компьютерді және ақпараттық - ұйымдастыру техника құралдарын ұқыпты, мақсатқа сай қызмет бабына пайдалануға ;
- мектеп әкімшілігінің рұхсатынсыз жұмыс орнын иесін қалдыруға, себепсіз жұмысқа келмеуге, басқа жаққа кетуге ;
-мектептің қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге және басқа біреуге бермеуге ;
-электр қуаты мен жылуды барынша үнемдеуге, қызмет бабына берілген және мекеменің құрал-жабдықтары мен мүліктерін ұқыпты, таза бабында ұстауға ;
-техника, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөнінде нұсқауларды бұлжытпай орындауға ;
-мекемеге өзінің тікелей кінәсінен келтірген зияны мен шығындарды өз есебінен өтеуге міндетті.


ІІІ. МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Мектеп әкімшілігінің :
-өз өкілеттілігі шегінде қызметкерлерге қатысты тиісті бұйрықтар шығаруға ;
-өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында ұйымдар құруға ;
-қызметкерлерден еңбек және ұжымдық шарттардың, ішкі еңбек тәртібі ережесі талаптарының, мекеме басшысы бұйрықтарының орындалуын талап етуге ;
-қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, материалдық жауапкершілікке тартуға;
-жұмыс барысында қызметкердің кінәсінен мекемеге келтірген зиянын өтетуге ;
-қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге құқығы бар.
2. Мектеп әкімшілігі :
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарын сақтауға ;
-қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, әлеуметтік қорғау шараларын жасауға, мәдени демалыстарын ұйымдастыруға;

-еңбекақыларын ай сайын өз мерзімінде толық мөлшерде төлеуге, жыл сайын берілетін еңбек демалыстарын кестеге сәйкес беруге ;
-қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасауға ;
-еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға ;
-қызметкерлерді мектеп директорының бұйрықтарымен және ұжымдық шартпен таныстыруға ;
-қызметкерлерді тиісті құрал-жабдықтармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етуге ;
-жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.
Мектеп әкімшілігі қызметкерлердің құқықтарын сақтау мен өзінің міндеттерін орындауды қамтамасыз ете отырып, ұжымның жұмысқа қабілетін арттыруға және бірлігі мен ынтымағын сақтауға қолда бар мүмкіндіктерін жұмсайды.

ІУ . ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ

1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мектеп қызметкерлерінің мына төмендегідей жұмыс тәртібі белгіленеді :
- Мектеп өзінің қызметін 6 күндік жұмыс аптасымен жүзеге асырады. Демалыс күні – жексенбі /6 күн – 7 сағаттан аптасына 40 сағат/
- мектеп әкімшілігінің және мұғалім кезекшілер, пән мұғалімдері мен медбике үшін күнделікті жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 8.00-ден басталып, сабақ аяқталғанша, мектеп әкімшілігі мен басқа қызметкерлері үшін таңертеңгі сағат 9.00-де басталып, кешкі сағат 18.00-де аяқталады.
-түскі үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін;
-сабақ 2 ауысымда өтеді.
-І-нші ауысым сағат 8.00-де басталады.
-ІІ-нші ауысым сағат 14.00-де басталады.
-қыс кезінде әкімшіліктің келісімімен 13.30-ға ауыстырылуы мүмкін.
-мектеп жұмысшыларының жұмыс істеу уақыты жеке кесте бойынша жүзеге асырылады.
-толық апталық жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, 1 шығармашылық күнімен;

-толық емес апталық жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, 1 шығармашылық күнімен белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңына сәйкес мына төмендегі мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып есептеледі :
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке -
1-2 –қаңтар –Жаңа жыл;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні;
6 шілде- Астана күні;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысы оқу-тәрбие үрдісінің уақыты мен жеке өтініштері ескеріле от ырып, мұғалімдерге 56, қызметкерлерге 30, жұмысшыларға 24 күнтізбелік күнге мектеп әкімшілігінің бекітілген кестесіне сәйкес беріледі.

У. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ ШАРАЛАРЫ

1. Жас жеткіншіктерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұзақ және үздіксіз абыройлы еңбек етіп, лауазымдық міндеттерін жоғары кәсіби дәрежеде атқарғаны, сонымен қатар қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шараларға белсене араласқаны үшін мектеп директорының алғыс хатымен марапатталып, жоғарғы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің марапаттарына ұсынылады.
2. Мадақтамалар мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделіп, ұжымға хабарланады және еңбек кітапшаларына жазылады.

УІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

1. Мектеп директоры еңбек тәртібін бірнеше рет бұзып, теріс қылық жасаған және бір жұмыс күні / жұмыс ауысымы/ ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған, жұмыста алкогольдік, масаңдық жағдайда болған, оның ішінде жұмыс орнында алкогольдік ішімдіктер пайдаланып, өрт және техника қауіпсіздігі ережелерін бұзған, тәрбиелік жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған, мекеменің құнды мәліметтерін жария еткен және лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған қызметкерге ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және Еңбек Кодексінде белгіленген жағдайларға сәйкес еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жазаларды қолданады.
2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескере отырып, өзінің актісімен рәсімдейді.



3. Мекеме басшысы тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылады.
5. Мекеме басшысының қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі еңбекке уақытша қабілетсіздігі, демалыста, іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
6. Тәртіптік жаза қолдану туралы директордың бұйрығы шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушіңі актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда,тәртіптік жаза қолдану туралы актіге ол туралы тиісті жазба жасалады.
7. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алды айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
8. Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
Барлық мектеп қызметкерлері осы ішкі еңбек тәртібінің Ережесімен бекітілген талаптарды өздерінің күнделікті жұмысында сақтап, бұлжытпай орындау үшін міндетті түрде таныстырылуы тиіс.




«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі» қызметкерлерінің
ішкі еңбек тәртібінің 2016 жылдың 31 тамыз күнгі
педагогикалық кеңесте талқыланып бекітілген.




«Бекітемін» « Келісемін»:
Мектеп директоры : Бастауыш кәсіподақ ұйымының
Е.Серғазиев төрайымы : Р.Қожабекова.
«........»................................2016 ж. «.........»......................................... 2016 ж.


«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша ішкі еңбек тәртібі бойынша ережелері.


1. Сабақ 2 ауысымда өтеді.
І –нші ауысым сағат 800-де басталады.
ІІ-нші ауысым сағат 1400-де басталады.
Қыс кезінде әкімшіліктің келісімімен 1330-ға ауыстырылуы мүмкін.
2. Ұжым 6 күндік жұмыс аптасы бойынша істейді.
3. Мұғалімдер кезекші болған күні 30 минут бұрын,сабағы бар мұғалімдер 10-15 минут бұрын жұмысқа келуі тиіс.
4. Сабақ жоспарынсыз және 10 минуттан көбірек кешіккен мұғалім сабаққа жіберілмейді.Жыл ішінде 2-3 реттен көп кешіккен мұғалімге әкімшілік жолмен еңбек тәртібі бойынша шара көріледі.
5. Қызметкер бір жұмыс күні ішінде себепсіз 3 сағат немесе одан да көп сағат қалдырса, жұмысқа алкогольді ішімдіктер ішіп масаң келсе, еңбек ақысы есептелінбейді.Сонымен қатар Қ.Р. Еңбек Кодексінің 24, 49,50,54-ші баптары бойынша жұмыстан шеттелілуі мүмкін.
6. Әкімшілік мүшелері кезекшіліктен басқа күндерін сағат 900-де жұмыста болуы тиіс. Түскі демалысты қоспағанда жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат.
7. Қызметкерлер себепті жағдайда мектеп әкімшілігінің рұқсатымен және келісімімен сабағын 2-3 күнге пәндес мұғалімдерге өткіздірте алады.
8. Өз білімін көтерген қызметкерлерге білім жетілдіру курсына, жоғары оқу орындарында сырттай оқығаны үшін еңбек кодексін басшылыққа ала отырып, ақша төленеді.
9. Мұғалімдер, мектеп қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңын, Білім туралы заңды, « Мектеп жарғысын» қатаң сақтап, Келісім шартты басшылыққа ала отырып, көрсетілген міндеттерін толық орындауы тиіс.

Директор жанындағы жиындар. 2016 - 2017 оқу жылы

р/с Қаралатын мәселелер мерзімі жауапты
І 1 Мектеп басшыларының міндеттерін бөлісу

25.08.2016ж

Серғазиев Е
2 Қыркүйек айының жұмыс жоспарын талқылау
3 1 қыркүйек Білім күнінің, 30 тамыз Конституция күндерінің шараларын қарап бекіту.
4 ҰБТ-нің ұйымдастырылуы,11 сыныпқа сабақ беретін пән иелерінің есебі
ІІ 1 Оқушылардың оқулықпен қамтылуы


30.09.2016ж Кітапханашының есебі
2 Журнал, календарлық план т.б. құжаттардың толтырылуы Утапова Р
3 Басылымға жазылуға даярлық Кітапханашы – Дәуренбекова Т, Базарбекова Г
4 ҰБТ-нің ұйымдастырылуы,алдағы жоспарлар,күтілетін нәтиже Утапова Р
5 Қазан айының жұмыс жоспарын бекіту. Серғазиев Е
ІІІ 1 Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқулықтың ұсталуы жайлы рейдттер


2.ХІ.2016ж Байтерекова С
кітапханашы
2 Мұғалімдердің пед.оқуларға қатысуы, өз білімдерін көтеру Утапова Р
Базарбекова Г
3 Оқушылардың денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу шаралары Малдыбаева А
4 Мұғалімдердің сабақтастығы Утапова Р
5 Қараша айындағы күзгі каникул шаралары Базарбекова Г
6 Қараша айының жұмыс жоспарын бекіту Серғазиев Е
ІУ 1 Пәндік олимпиадаға даярлық жұмыстары



1.ХІІ.2016ж Утапова Р
2 Мектеп қорының игерілуінің есебі / Смағұлова А
3 Мектепті жылыту, жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары Ноғайбай Е
4 Жаңа жылға даярлық Базарбекова Г
5 Қысқы каникул шаралары Базарбекова
6 Қыстағы жолда жүру , қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу жайындағы істелініп жатқан жұмыстар Ерланұлы Е
7 Желтоқсан айының жұмыс шарасын бекіту Серғазиев Е
У 1.
Қаңтар айындағы істелетін жұмыс жоспарын бекіту.

28.12.2016ж. Серғазиев Е

2.
Міндетті білім беру айлығында істелетін жұмыстар. Утапова Р

3. Сынып жетекшілерінің жұмыстары. Базарбекова Г
УІ 1. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің даярлық жағдайы,есебі


3.02.2017ж Утапова Р

2. Спорт-бұқаралық жұмыстардың жүргізілуі. Берікбаева Ж
3. Пәндік кабинеттерінің жүйеге келтірілуі,картотекалануы, көрнекілікпен толытырылуы Утапова Р
4. Ақпан айындағы жұмыс жоспарын бекіту. Серғазиев Е
УІІ 1. Наурыз айындағы жұмыс жоспарын бекіту.


03.03.2017ж Серғазиев Е
2. Оқушылардың кітапханамен байланысы, Дауренбекованың есебі. Дәуренбекова Т
3.
Мұғалімдердің білім жетілдіру курсынан өтуі. Утапова Р
4. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің есебі
5. Көктемгі каникул шараларын бекіту. Базарбекова Г
6 Оқушыларды психологиялық зерттеудің нәтижесі. Әбілғазиева И
УІІІ 1. Сәуір айының жұмыс жоспарын бекіту.


31.03.2017ж. Серғазиев Е
2.
Диспансерлік бақылаудағы балалармен жұмыс.
Малдыбаева А
3.
Мектеп ішін, ауланы көгалдандыру жұмыстары. Ноғайбай Е
4. Емтихан құжаттарын әзірлеу жұмыстары. Утапова Р
5. Мектептегі инновациялық жұмыстардың жүргізілуі.
Дарынды балалармен жұмыс. Елизекова Г
ІХ 1 Мамыр айының жұмыс жоспарын бекіту.


29.04.2017ж Серғазиев Е
2.
11-сыныптардың ҰБТ-ға даярлығы, емтихандарға даярлық, сыныптан-сыныпқа көшіру, мемлекеттік емтихандардың билеттерін әзірлеу барысы.
Утапова Р
3. Көктемгі ремонтқа даярлық барысы. Ноғайбай Е
4. Соңғы қоңырау өткізу шараларын ақылдасу. Базарбекова Г
Х 1. Маусым айындағы жұмыс жоспары.

02.06.2017ж.

Е.Серғазиев
2. 2015-2016 оқу жылындағы жұмыстарға талдау жасауға берілетін тапсырмалар мен
2016-2017 оқу жылына атқарылатын жұмыстардың шараларын бекіту.
Алдағы мақсаттарды айқындау.

Мектеп директоры : Е.Серғазиев

2016 - 2017 оқу жылындағы педагогикалық кеңестер

р/с Қаралатын мәселелер
мерзімі Жауапты
І 1 2016 - 2017 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарын бекіту.





31 .08. 2016ж. Серғазиев Е
2 Мектеп әкімшілігінің міндеттерін таныстыру Серғазиев Е
3 Бірлестік ұйым жетекшілерін, ҰБТ-ға жауапты тех.хатшыны сайлап, бекіту. Серғазиев Е
Утапова Р Базарбекова Г
4 Пед.кеңестің хатшысын сайлап, бекіту Серғазиев Е
5 Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсізідігі, төтенше жағдайларға байланысты құрылған топтардың құрамын, жұмыс шарасын бекіту.
Алдибеков Б
6 Мұғалімдердің апталық жүктемесін бекіту Серғазиев Е,
Утапова Р
7 Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін бекіту. Утапова Р
8 Мектептің ішкі тәртіп ережелерін талқылап, бекіту. Утапова Р, Базарбекова Г
Разиванова А
9 Жалпыға міндетті білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясы бойынша істелініп жатқан жұмыстар. Утапова Р, Базарбекова Г Разиванова А
10 Сынып оқушыларының тізімін бекіту. Міндетті білім беру айлығының орындалу барысы Утапова Р Базарбекова Г Разиванова А
ІІ 1 І-тоқсанның қорытындысы, алдағы міндеттер.



24.ХІ.2016ж Утапова Р
Базарбекова Г
2 Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы Ботабаева Ж
3 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға даярлығы, білім дәрежесі. Утапова Р
4 Мектептегі инновациялық жұмыстар, дарынды баламен жұмыс, пәндік өре бәйгеге даярлықтың барысы Разиванова А
Утапова Р
5 Оқушыларды оқулықпен қамтылуы, «Баспасөз-2017»жазылуды ұйымдастыру Дәуренбекова Т
ІІІ. 1 І-жарты жылдық, ІІ-тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, алдағы міндеттер





20.01.2017ж Әкімшілік мүшелері
2 Пәндік кабинеттердің жабдықталуы Утапова Р
3 Мектептегі педагогика-психологиялық ахуалдың зерттелуі, «Қиын баламен» бақылауды қажет ететін оқушылармен жұмыс. Базарбекова Г
психологтар
4 Мектептегі АҚ және төтенше жағдайдың алдын алу, жолда жүру ережелерін оқыту. Дене тәрбиесі сабақтарының оқытылуы, спорт-бұқаралық жұмыстардың жүргізілуі. Алдибеков Б
Берікбаева Ж
5 Ыстық және міндетті білім айлығында істелінген жұмыстар Разиванова А
6 Жалпыға бірдей Міндетті білім айлығында істелінген жұмыстар Утапова Р
Разиванова А
ІУ. 1 ІІІ-тоқсанның қорытындысы






24.03.2017ж Утапова Р
Базарбекова Г
2 Сыныптан сыныпқа көшіру, бітіру емтихандары жөніндегі құжаттарды таныстыру, талқылау Утапова Р
3 Кезекті аттестациядан өтетін мұғалімдердің құжаттары, жұмыстарының нәтижесі Утапова Р
4 11 сынып оқушыларының білім дәрежесі, ҰБТ-ға даярлығы Сынып жетекшілер
5 Үйірме, таңдау курстарының оқытылуы Утапова Р
Базарбекова Г
6 Мектептегі таңдау курстарының оқытылуы Утапова Р
Базарбекова Г
7 «Жаз-2017» сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырылуы Базарбекова Г
8 Ата-анамен байланыс, ұлдар-қыздар ұйымдарының жұмысы Разиванова А
У. 1 Жылдық үлгерім, оқу тәрбие жұмысының қорытындысы, 1-8,10 сыныптарды сыныптан сыныпқа көшіру және көшіру емтиханына, 9,11 сыныптарды бітіру емтиханына жіберу жайлы




26.05.2017ж Сынып жетекшілері
2 Жыл бойы берілген ыстық, қоғамдық тамақтың есебі Разиванова А
3 Мектеп әкімшілігінің 1 жылдық атқарған жұмыстары жайлы есебі Әкімшілік мүшелері
4 Алдағы оқу жылына міндеттер Серғазиев Е
УІ

1-8,10 сыныптарды сыныптан сыныпқа көшіру 30.05.2017ж Серғазиев Е, сынып жетекшілері
УІІ 9,11 сыныптарға негізгі және орта білім туралы құжаттар беру жайлы 15.06.2017ж Серғазиев Е, сынып жетекшілері


Мектеп директоры : Е.Серғазиев.


2016-2017 оқу жылындағы кіші педагогикалық кеңестер.

р/с қаралатын мәселелер Мерзімі
жауапты
1 1 Міндетті білім айлығы мен «Мектепке жол» акциясы бойынша істелінген жұмыстардың қорытындысы

15.09.2016ж Р.Утапова
А.Разиванова
Г.Базарбекова
ІІ 1 Мектептің қысқа даярлық жұмыстары




20.Х.2016ж Е.Ноғайбай
2 Шағын орталықтағы жұмыстардың атқарылуы / балалардың қамтылуы, тамақ, тазалық,тәрбие/
Қарасаева Г
3 Журналдарды тексерудің қорытындысы Г.Базарбекова
4 11 сынып ҰБТ –ға дайындау барысы, ортақ балл есебі Р.Утапова А.Разиванова

5 Тексерілген пәндердің қорытындысы Г.Базарбекова
ІІІ 1 Мектеп мүлкінің сақталуы

22.ХІІ.2016ж Е.Ноғайбай
2 Құқықтық кеңес, түнгі кезекшіліктің жүргізілуі
Г.Базарбекова
Б.Алдибеков
3 Жоспардағы тексерілген пәндердің қорытындысын қарау. Р.Утапова А.Разиванова

4 Білім стандартының орындалуы Р.Утапова
5 Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің есебі Р.Утапова
ІУ. 1 Оқулықтың ұсталуы



17.02.2017ж. Т.Дауренбекова
2 Сабақты жиі қалдыратын, көп кешігетін оқушылармен жұмыс
Ж.Ботабаева
3 Сынып журналдарының толтырылуы Е.Серғазиев
Р.Утапова
А.Разиванова

4 Мектеп мұғалімдерінің сабақтастығы Е.Серғазиев
Р.Утапова
5 11 сыныпқа сабақ беретін пән иелерінің есебі, ҰБТ-ға дайындық барысы Е.Серғазиев
Р.Утапова
У. 1 Көктемгі көгалдандыру жұмыстары

20.04.2017ж Е.Ноғайбай
Ж.Ботабаева
2 Кезекті жөндеу жұмысына даярлық барысы Е.Ноғайбай
3 11 сынып оқушыларының құжаттарының даярлығы, білім дәрежесі
Тех.хатшы
Р.Утапова


Мектеп директоры : Е.Серғазиев.






















«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша басқару циклограммасы 2016- 2017 оқу жылы.

Апталар

Күндер 1 апта 2-апта 3- апта 4 - апта
дүйсенбі 900 - Жоспарлы әкімшілік отырысы. Мектепішілік линейкалар кабинеттердің санитарлық жағдайы, сынып сағаттары 900- әкімшілік отырысы.Мектепішілік линейкалар.Оқу завучтарының отырысы. Оқушылардың жалпы тазалығын тексеру. Сынып сағаттары 9 00 - Әкімшілік отырысы . Тәрбие саласындағы завучтардың отырысы, мектепішілік линейкалар сынып сағаттары 900 - әкімшілік отырысы
Құжаттармен жұмыс мектепішілік линейкалар психологтардың отырысы. Сынып сағаттары
Әкімшілік күні
Тазалық күні
Сейсенбі Ақылы үйірмелер мен факультет таңдау курстарының оқытылуын қадағалау,құжаттарын тексеру Дәптер журналдардың тексерілуі.Жас мамандармен жұмыс ,кітапханамен жұмыс Пән кабинеттерінің жабдықталуын қадағалау,
11 сынып оқушылармен жұмыс Дәптер журналдарының тексерілуі. Тестік бақылаулар кітапханамен жұмыс.
Әдістемелік жұмыстар күні
Сәрсенбі Құқықтық тәрбие сабақтан жиі қалатын баламен жұмыс. Кітапханамен жұмыс «Жастар»ұйымының жұмысы.Ата-аналардың ашық есік күні.Тәртіп кеңесінің жұмысы. Ұлдар,қыздар кеңесінің жұмыстары Қиын балалармен жұмыс.Үйден оқитын баланың психологиялық жағдайын қарау.Кітапханамен жұмыс. Әскери-патриоттық тәрбие.»Мың бала»ұйымының жұмыстары.
Тәрбиелік саладағы жұмыстар күні
Бейсенбі Қайырымдылық қорын толықтыру, құжаттарын реттеу. Оралман оқушылармен жұмыс. Ыстық және қоғамдық тамақтың берілуіне рейд Қамқорлық кеңесінің жұмысы.Даярлық тобы мен
1 сынып оқушыларына көмек және бақылау Қарттармен ардагерлерге көмек. Ардагерлер аллеясына тазалық жұмыс жүргізу.
Қайырымдылық
күні
Жұма Кәсіподақ ұйымының отырыстары. Әкімшілік отырысы. Әдістемелік кеңестер. Әдістемелік отырыстар Педагогикалық кеңестер.
Кіші пед.кеңестер.
Өндірістік жиындар Сынып жетекшілер семинарлары. Ата-ана жиналыстары,сынып жиналыстары
Жиналыстар күні
Сенбі Оқушылардың сабаққа қатысуына рейд Мектеп ауласына жалпы тазалық жүргізу,оқулықтың ұсталуына бақылау рейд Интелектуалдық ойындар.Тақырыптық кештер Мектепішілік жалпы тазалық жүргізу.Спорт жарыстары
Спорт сауықтыру
жұмыстары күні кештер

Мектеп директоры : Е.Серғазиев.
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ МIНДЕТТI ОҚУМЕН ҚАМТУ. 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

Параметр-лері



Ай аттары
Мөлтек ауданды аралау. Оқушылар контингентін қалыптастыру. Оқушылар қозғалысы
Оқушыларды тасымалдау бойынша жұмыс. Жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген, көп балалы және сәтсіз жанұя балаларымен жұмыс. Қиын оқушыларымен жұмыс Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру. Оқушыларды оқулықпен қамту. Балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс.
Шағын орталық жұмысы. Оқушыларды мамандыққа баулу бойынша жұмыс.
/трудоустройство/
Денсаулығы бойынша тіркеуде тұратын оқушылармен жұмыс.
Тамыз Ықшам аудандарды аралау .0-18 жастағы балалардың тізімін нақтылау. 18-31.08. Елизекова Г Мектепалы
даярлық тобына баратын оқушылар тізімін алу.
Құсайынова Ғ
Иманқұлова А 2014- 2015 оқу жылы бойынша бітірген мектеп түлектерінің еңбекпен қамтылуын айқындау.
Базарбекова К, Байтерекова С
Қыркүйек 1/10 сыныпқа оқушыларды қабылдау,9 сынып бітірген оқушыларды оқумен толық қамту.
Утапова Р Қамқорлық айлығын өткізу. Арнайы тіркеуде тұратын оқушыларға көмек көрсету.
Жетім оқушыларға тәлімгерлер тағайындау.
Базарбекова К,
әлеуметтік психолог Қиын оқушылар тізімін алу. ИДН мен жылдық жоспарын жасап, бекіту.
Қиын оқушыларға тәлімгер ұстаз тағайындау жұмыстары. Базарбекова К,
балалар инспекторы.
Тегін тамақтанатын оқушылар тізімін алу.Асханамен жұмыс.
Елизекова Г, әлеуметтік психолог

1-11 класс оқушыларын оқулықпен қамту жұмыстарын жүргізу.
Кітапханашы,
сынып жетекшілер. 1.10 -11 класс оқушыларының бейімдеу оқыту бойынша жылдық жұмыс жоспарын жасау бекіту.
Утапова Р
2.Оқушылардың факульатив сабақтар мен үйірме,кластан тыс жұмыстарға қатысуын қадағалау,есебін тыңдау. Базарбекова К, Утапова Р,Елизекова Г "Д" тіркеуінде тұратын оқушылармен жұмыс.
Жұмыс жоспарын бекіту,күнтізбектік жоспардың арнайы түрін бекіту.
Базарбекова К,
Малдыбаева А.

Қазан №2 формамен жұмыс. Оқушылар қозғалысы
Елизекова Г
Утапова Р
Қиын оқушылармен мектеп психологының тест жұмысын жүргізу.
Психолог. Мектепалды даярлық тобы және шағын орталық оқушыларының адаптациялық кезеңнен өткізу жұмыстары.
Психолог,
Тәрбиешілер

Қараша №2 формамен жұмыс. Оқушылар қозғалысы
Бұйрық кітапшасымен жұмыс. Іс жүргізуші
Оқушыларға тегін тамақпен қамту бойынша ата - ана комитетімен жұмыс.
Ділдебаева Г Бейімдеу оқыту пәндеріне сабақтарына қатысу анализ жасау.
Утапова Р


Желтоқ-сан Арнайы тіркеуде тұратын оқушыларға қысқы киімдермен қамтамасыз етуге ауыл әкімшілігімен жұмыс.
Базарбекова К
Искакова Г
Мектепалды даярлық топ оқушыларының сабақтарына қатысу.
Шағын бала бақша балаларының ата-аналарымен жұмыс.
Психолог
Елизекова Г
Абитинова Р Дене шынықтыру, АӘД сабақтарынан босатылған оқушылармен мейірбике және пән мұғалімдерімен жұмыс.
Берікбаева Ж
Қаңтар Оқушылар қозғалысы мен жұмыс, мөлтекаудан аралау, оқушылардың мектепке толық тартылуын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Утапова Р, Елизекова Г Қиын оқушылар үйіне рейд жасау.
Психолог
Балалар инспекторы.
Ақпан Тегін тамақ ұйымдастыру жұмыстарына бақылау жұмыстарын жүргізу.
Елизекова Г
Наурыз Жетім, жартылай жетім оқушылардың қамқорлығымен жұмыс, оқушылардың үйіне рейд жасау.
Базарбекова К,
әлеуметтік психолог Мектепалды даярлық тобы және шағын орталықтың шығармашылық есебі. сынып жетекшілер:
Иманқұлова А, Құсайынова Ғ
9,10,,11 класс оқушыларымен мамандық таңдау жұмыстарын жүргізу.
Базарбекова К
Байтерекова С


Сәуір Қиын оқушылармен құқық қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру.
Базарбекова К
Байтерекова С Денсаулығы нашар оқушыларды жалпылама медтексеру жұмыстарын жүргізу.
Медбике,
Базарбекова К
Мамыр №2 формамен жұмыс.
Оқушылар қозғалысы бойынша жұмыс.
Утапова Р
Елизекова Г Қиын оқушылардың жазғы демалыс уақытын жоспарлау
Базарбекова К Мектепалды даярлық тобы оқушыларының 1 - сыныпқа даярлығын тексеру.
Елизекова Г 9,10,11 сынып оқушыларынан бейімдеу оқыту пәндерінен сынақ жұмысын алу.
Утапова Р

Мектеп директоры : Е.Серғазиев



КЕЛІСІЛДІ : БЕКІТЕМІН :
Кәсіподақ комитетінің төрайымы : Мектеп директоры :
.....................................Р.Қожабекова ............................... Е.Серғазиев.
......... тамыз 2016 жыл ............ тамыз 2016 жыл


«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбек тәртібінің
ЕРЕЖЕСІ

Осы ЕРЕЖЕ мектептің ішкі тәртібін, жұмыс уақытының режимі және оның пайдалануы, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерінің негізгі міндеттері, қызметкуерлерді жұмысқа қабылдау және босату, жұмыстағы жетістіктері үшін марапаттау және еңбек тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілігі жөніндегі шараларды анықтайды.

І. ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ

1. Қызметкерді жұмысқа қабылдау оның білімі мен біліктілік талаптарына және жұмыс өтіліне сәйкес директордың оқу-тәрбие және шаруашылық істері жөніндегі орынбасарларының жеке әңгімелесуінен кейінгі ұсыныстарының негізінде еңбек шартының жасалуымен жүзеге асырылады.
2. Әкімшіліктің қызметкердерді жұмысқа қабылдау кезінде талап ететін құжаттарының тізбесі :
- Белгілерген заң тәртібімен рәсімделген еңбек кітапшасының түп нұсқасы ;
- Жеке басын куәландыратын құжаты ;
- Білімін , мамандығы мен біліктілігін нақтылайтын құжаттар немесе диплом ;
- Алдын-ала медициналық байқаудан өткені туралы анықтама;
- Әскери есеп құжаты ;
- СТН,ӘЖҚ жинақтаушы зейнетақы қорының шарты, марапаттары мен арнайы курстан өткені туралы құжаттардың көшірмелері ;
3. Мектеп әкімшілігі қызметкердің іскерлік және кәсіби біліктілігін жан-жақты зерделеу мақсатында өмірбаянымен бұрынғы атқарған жұмыстары туралы мінездеме жазуын ұсынады және компьютер мен басқа да ұйымдастыру техникалараымен жұмыс істей алу біліктілігін тексереді.
Қызметкер кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын толтырып, толық өмірбаянын жазады.
Қызметкерге біліктілігне сәйкестігін тексеру мақсатында тәртіп бойынша 3 айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
Қызметкер жұмысқа мекеме басшысының бұйрығымен қабылданады және қызметкер қабылданғаны жөнінде бұйрықпен танысып қол қояды.
Қызметкердің нақты жұмысқа кіріскен күні келісім шартта көрсетіледі.
4. Мектеп әкімшілігі жұмысқа қабылданатын және басқа жұмысқа ауыстыралытн қызметкерді :
-атқаратын жұмысының түрі және мазмұнымен , еңбекақысы және құқықтары мен лауазымдық міндеттерімен ;
-мекеменің ішкі тәртібі ережесімен және жұмыс кестесімен ;
-техника, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөнінде нұсқау береді, мекеменің мәліметтерін жарияламау және басқа біреуге бермеу жөнінде ескертеді.
5. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен өзгертіледі, толықтырылады және бұзылады, ол мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
6. Жұмыстан босатылған қызметкерге өзінің атқарған қызметі жөніндегі құжаттарды, жинақ папкалары мен қызмет бабына берілген мүліктер мен құрал-жабдықтарды акті бойынша өткізгеннен кейін жұмысы туралы қолданыстағы заңға сәйкес мәліметтер жазылған еңбек кітапшасы арнайы есепке алу журналы арқылы қолына беріледі.


ІІ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2. Қызметкердің :
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға :
- мекеме әкімшілігінен еңбек шартының, ішкі еңбек тәртібінің шарттарын орындауды талап етуге ;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ;
-еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және нақты ақпарат алуға ;
-тынығуға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға ;
-ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге және оның мәтінімен танысуға ;
-кәсіптік және қайта даярлықтан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға ;
-кепілдіктерге, өтемақы төлемдеріне және атқарған еңбегі үшін ақы алуға ;
-еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарына сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
2. Қызметкер :
- мекеменің ішкі еңбек тәртібін қатаң сақтауға, өзінің лауазымды міндеттерін тиісінше орындауға ;











2016 -2017 оқу жылындағы мектеп басшыларының лауазымдық міндеттері.


Мектеп директоры - Серғазиев Ерлан

1. Жалпы жағдайы.

Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының нормативті заңы және мектеп жарғысының негізі

Похожие публикации:

27 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Eduardomes
28 мая 2022 06:05
Современный человек испытывает тревогу и страх в процессе существования. Это – абсолютно обычное явление, помогающее нам спасти себе жизнь в опасной ситуации. В тоже время, большинство страхов это просто напросто иррациональное опасение. Это, например, страх погибнуть от удара молнии. С подобным чувством возможно будет бороться успешно, есть вполне высокоэффективные методики, подробнее узнаете в свежем анализе
https://mitravat.info/shamanskie-tseremonii-ayavaski-v-peru При этом существует страх опасности, именно это состояние дает возможность спасти себя самого в разных ситуациях. Так что страх это совершенно адекватное ощущение, проблема же может возникнуть только лишь в том случае, если данный страх часто беспокоит. Здесь уже нужно предпринять меры, обращаться к психологу.